Бұл туралы ҰҚК Департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Төлетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, генерал-майор Нұрғали Білісбеков жаңа қызметіне Жаңа жылдың алдында бекітілген.
Бұған дейін хабарланғандай, қараша айының соңында Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-нің басшысы Нұржан Мырзалиев және оның төрт орынбасарының екеуі - Асқар Әшімов пен Серік Асаинов қызметтерінен босатылған болатын.