ҚР ҰҚК: «Алматы-Шарджа» ұшағы бортынан «тірі» жүк табылды

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Алматы-Шарджа» бағытында қатынайтын  ұшақтың бортынан «тірі» жүк табылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, «Алматы әуежайы» шекара бөлімінің шекарашылары «Алматы-Шарджа» бағытында қатынайтын G9-0254 рейсті рәсімдеу барысында әуе кемесін тексеріп, жүк салатын бөлігінен үш сөмкеге салынған 24 сұңқар құсын тауып алды. Әр сөмкеге 8-ден салынған құстар   мақта матаға оралған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары Қызыл  кітапқа енгізілген құстардың иесін іздестіру үстінде. Ал шекарашылар «тірі» жүкті Алматыдағы «Сұңқар» орталығына табыстады.