ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталық комиссиясының отырысында экстремизмге қарсы іс-қимылға бағытталған шешімдер қабылданды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бейсенбі, қазанның 21-і күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Лаңкестікке қарсы орталығы ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Отырыс қорытындылары бойынша лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, сонымен қатар су шаруашылығы нысандарын қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылданды.

Комиссия жұмысына республикалық министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен өкілдері қатысты.