«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесін қатыстырумен жергілікті бизнесмендерден тұрақты түрде ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады. Қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтың денін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Мәлім болғандай, топ мүшелері кезекті кәсіпкерден күш қолданумен 10 мың АҚШ долларын қорқытып алу кезінде ұсталған.
«Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орны анықталды, 5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды. Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде», - деді ведомстводан.