Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын биылғы жылғы 200-ден астам курсанттар салтанатты жағдайда Отанға адал қызмет ету жөнінде ант беріп, өздерінің қолдарын қойды. Курсанттардың өміріндегі маңызды іс-шараға жоғары оқу орнының басшылары, жергілікті басқару органдарының өкілдері, Ұлы Отан соғысының және Шекара академиясының ардагерлері, жастардың туған-туыстары қатысты.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы мемлекеттік шекараны қорғайтын мамандарды даярлау бойынша ежелгі оқу ордасы болып табылады. Елімізден тысқары жерлерде де жақсы мәлім бұрынғы Жоғары командалық шекара училищесі қазір де кәсіби маманданған, білімді де білікті офицерлерді даярлауды жалғастырып келеді.
Қазіргі таңда оқу ордасының офицер түлектері тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік шекарасының қорғалуын қамтамасыз етіп, Шекара қызметінің бірлестіктері мен құрамаларына және бөлімдеріне ойдағыдай басшылық жасауда.