Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Әскери сотының бас маманы Мақпал Мағзұмова айтты.
Оның мәліметінше, жабық сот отырысы 12 қаңтарда сағат 10:00-де мамандандырылған ауданаралық әскери сотында болады. Сот отырысына судья Ербол Ахметжанов төрағалық етеді.
Айта кетейік, Н. Жоламанов ҚР ҚК-нің 311-бабы, 5-бөлімі - пара алу және ҚР ҚК-ның 235-бабы, 3-бөлімі - бір немесе одан да көп қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару сияқты тармақтар бойынша айыпталып отыр.