«Бұл операцияларды өткізудегі мақсат - шекара кеңістігіндегі құқыққа қайшы қызметтердің жолын кесу, лаңкестік, контрабандалық және басқа да қылмыстық қызметтерге қатысы бар тұлғаларды анықтау, шекара режимі мен көші-қон заңдылығының сақталуын тексеру. Осыған орай, шекарадан өтіп жатқан тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтіледі», - делінеді хабарламада.
Сонымен қатар ешқандай шекарадан өтуді шектеу немесе тыйым салу шаралары қоланылмайды.
«ҰҚК ШҚ бөлімшелері мен әскери қызметкерлерінің қимылдары қатаң түрде заң аясында жүргізіледі, Қазақстан және шетел азаматтарының құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді», деп мәлімдейді баспасөз қызметі.