«Бас әскери прокуратурамен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде мемлекеттік сатып алу заңдылығының қолданылуына жүргізілген тексеру барысында, шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Шекара қызметінің депозиттік есепшотына мемлекеттік сатып алуға қатысушылармен салынған 10 млн. теңгеден астам ақшаның жымқырылғаны анықталған», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, тексерумен мемлекетік сатып алуды жүргізу тәртібінің сақталмауы, негізсіз қосымша келісімдер жасау және жосықсыз жеткізушілерге қатысты шаралар қолданбау секілді заңбұзушылықтар анықталған. Талаптарға сай келмейтін тауарлар мен жұмыстарды қабылдау фактілері де орын алған.
Тексеру материалдары тиісті шешім қабылдау үшін қылмысты қудалау органдарына жолданды.