Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, жоғары офицерлік құрамның әскери қызметкерлері тек заңнама бойынша тестілеуден ғана өтпейді, сынақ тапсыруға арналған алаңда, стадион, тир, оқу сыныптарында саптық даярлық, дене даярлығы, жауынгерлік әзірлік және атыс даярлығы бойынша да сынақтар тапсырады. «Кезектен тыс аттестация әскери қызметкерлердің кәсіби және іскерлік қасиеттерін жан-жақты және әділетті бағалау, сондай-ақ, әскери қызметкер-шекарашыларды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және әрі қарай қызметтік пайдалану келешегін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі», - деп атап өтті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.