ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 20 жылдығын әскери қызметшілер Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументінің алдында салтанатты шерумен атап өтеді

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат - Бүгін Шекара қызметіне 20 жыл толады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұл күні Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі құрылғанына 20 жыл толуына арналып, салтанатты митинг және «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Бұл шараға Шекаралық қызмет басшылығы, әскери қызметшілер қатысады, олар «Отан қорғаушылар» монументі алдында салтанатты саппен өтеді, сондай-ақ ардагер шекарашылар, әкімдік, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Осы жерде 28 мамырда Алматыдағы 28-панфиловшы гвардияшылар саябағынан аттанған Шекара қызметінің эстафетасы мәреге жетеді, олар мемлекеттік шекараны күзететін барлық құрылымдар мен бөлімдерде болды. Эстафета символы ұзындығы 15 мың шақырымды құрайтын елдің шығыс, батыс, солтүстік және оңтүстік шекараларын аралап шықты.

Астанада Шекара қызметінің 20 жылдығын мерекелеу күні эстафета символы Шекара қызметінің мұражайына мәңгі сақтауға қойылады

Бұл күні Шекара қызметі ансамблінің және «Қасиетті шекара күзетінде» атты шекаралық әндер фестивалі лауреаттарының мерекелік концерті өтеді.