Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Әскери үшсайыстан, шағын футболдан, атудан өңірлік басқарма командалары мен орталыққа бағынышты бөлімдер құрамасы арасындағы ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет біріншілігіне жарыс шілде айының соңына дейін ұйымдастырылады.
Спорттық жарыстар ҚР ҰҚК Шекаралық қызметтің 2013 жылға арналған даярлық жоспарына сәйкес, сондай-ақ спортты насихаттау, әскери қызметшілердің әзірлігін шыңдау мақсатында өткізіледі.