Кезектен тыс аттестаттауға Шекара қызметінің шақыру бойынша мерзімді қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық жеке құрамы кіреді.
Кезектен тыс аттестаттау рәсімі Жоғары аттестаттау комиссиясы, ҰҚК орталық аттестаттау комиссиясы, ҰҚК Шекара қызметінің аттестаттау комиссиясы, өңірлік басқармалар мен әскери бөлімдердің аттестаттау комиссиялары жұмысының аясында бірқатар кезеңді құрайды.
Аттестаттаудың міндеті - тестілеу формасында, міндетті нормативтерді тапсыру және әңгімелесу түрінде әскери қызметшілердің қолданыстағы заңдарды білуі, дене дайындығы және қаруды қолдану дағдысы, кәсіби білімі және лауазымындағы қызметтік міндеттерін тиімді орындау қабілетін анықтайтын жеке қырлары бағаланады.
Аттестаттау комиссияларының жұмысы үстіміздегі жылдың соңында аяқталады.