АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының көмегімен есірткінің ірі көлемін Тәжікстаннан Қырғызстан арқылы Қазақстанға тасымалдаумен айналысқан трансұлттық есірткі тобының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті.
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
«Табысты жүргізілген операцияның нәтижесінде, қаңтардың 9-ында Көкшетау қаласында есірткі заттарын алу үстінде осы топтың үш мүшесі ұсталды. Олардан 15 килә гашиш пен 2 килә героин тәркіленді», делінген баспасөз хабарламасында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.