ҚР ҰҚК жарылғыш құрылғыларды сатып келген қылмыстық топты ұстады

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28 мамыр күні жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «РГД-5» 8 гранатасын және оларға 9 тұтандырғышты өткізбекке әрекеттенген қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды.

«ҰҚКД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген ақпаратта.