Осы кездесулер шеңберінде ҚР ҰБ басшысы ХВҚ Халықаралық валюта және қаржы комитетінің отырысына қатысты. Отырыста әлемдік экономиканы және қаржы нарығын дамытудың келешегі, ХВҚ қорларының тапшылығы мәселелері және оның мүше-мемлекеттермен ынтымақтастығы талқыланды. Жыл сайынғы көктемгі кездесулер ХВҚ және Дүниежүзілік банк тобына мүше-мемлекеттерінің Үкімет, орталық банктер, қаржы, экономика және сыртқы істер министрліктерінің басшылары және қаржы ұйымдарының басқа да өкілдерінің, әлемдік БАҚ, ғылыми-зерттеу ұйымдары және халықаралық қаржы ұйымдарының басын қосады.
Г. Марченко, сондай-ақ, ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Роберт Хорматспен, ХВҚ, Дүниежүзілік банк және басқа да ұйымдар өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
ХВҚ және Дүниежүзілік банк тобының келесі кездесулері ағымдағы жылғы 11-13 қазанда Вашингтонда өткізіледі.