ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі тағайындалды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Экономист Олжас Құдайбергенов ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

О.Құдайбергенов 2001 жылы Түркістанда Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінде «Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар» мамандығы бойынша жоғары білім алып шыққан.

2003 жылы Алматының KIMEP университетін тәмамдаған. Онда ол «Экономика» мамандығы бойынша магистр атағына ие болды. 2003-2012 жылдар аралығында қаржы, өндіріс, зерттеу салаларында жұмыс істейтін түрлі компанияларда қызмет атқарған. 2013 жылдың 29 қарашасынан бастап, Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының экономикалық сарапшылар кеңесінің мүшесі болды.

2014 жылдың 6 қаңтарында ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.