ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған ескерткіш күміс шақаларды айналымға шығарды

nbsp;АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 500 және 5000 теңгелік ескерткіш күміс шақаларды айналымға шығарды.

Номиналы 500 теңгелік күміс шақа он екі қырлы етіп жасалған. Шақаның беткі жағында - қармен көмкерілген петроглиф бейнеленген.

Шақаның келесі жағында ортасында 2011 жылғы VII Азия ойындарының логотипі голографиялық түрде орналастырылған.

Қазақстан Ұлттық банкінің осы шақаның түпнұсқалығы кепілдендірілген сертификатында мынадай техникалық сипаттамалар көрсетілген:

Аталымы: « 7-нші қысқы Азия ойындары 2011 ж.»

Номиналы: 500 теңге

Металы: күміс

Сынамасы: 925//1000

Салмағы: 31,1 г

Диаметрі: 38,61 мм

Шығарылған жылы: 2010

Сапасы: пруф

Таралымы, дана: 13000

Шақа Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы болып табылады.

Номиналы 5000 теңгелік күміс шақа 225 тараыммен шығарылып, сынамасы осындай күмістен құйылған, салмағы - 1000 грамм, диаметрі - 100 мм. Беткі жағында шаңғы, жоғарғы бөлігінде қазақстандық теңге сарайының тауар белгісі, сол жағында тянь-шань шыршасы бейнеленген.

Шақаның келесі жағында мұз үстінде 2011 жылғы VII Азия ойындарының логотипі қысқы спорт түрлерінің көрінісімен идеограмма түрінде көмкерілген.