ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 100 теңгелік ескерткіш алтын шақаны айналымға шығарды

СТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 100 теңгелік ескерткіш алтын шақаны айналымға шығарды.

Номиналы 100 теңгелік алтын шақа 999 сынамалы алтыннан жасалған, таралымы 8 мың дана. Шақаның беткі жағында - шаңғы мен шақа шығарылған «2010» деген жазу бейнеленген. Шақаның сол жақ шетінде тянь-шань шыршасы бейнеленген.

Шақаның келесі жағының орталық бөлігінде мұз тәрізделіп жасалған көрініс үстінде 2011 жылғы 7-ші Азия ойындарының логотипі орналастырылып, қысқы спорт түрлеріне арналған идеограммалармен көмкерілген.

Қазақстан Ұлттық банкінің осы шақаның түпнұсқалығы кепілдендірілген сертификатында мынадай техникалық сипаттамалар көрсетілген:

Аталымы: « 7-нші қысқы Азия ойындары 2011 ж.»

Номиналы: 100 теңге

Металы: алтын

Сынамасы: 999/100

Салмағы: 1,24 г

Диаметрі: 13,92 мм

Шығарылған жылы: 2010

Сапасы: пруф

Таралымы, дана: 8000

Шақа Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы болып табылады.