НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пункттері мен екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаларды сатуға немесе беруге қойылатын шектеулерге қатысты өтініштердің өсуіне байланысты Қазақстан Республикасында шетел валютасындағы операциялармен шектеулер туралы қаулылар немесе өзге де заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуымен, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланысты.
Осы жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк Федералды резервтік жүйеден – АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтауда. Сондай - ақ, доллар түріндегі қолма-қол ақшаны уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз», - деді банктің баспасөз қызметі.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.