Реттеуші пікірінше, жылдық құнсызданудың нақты және болжалды деңгейі 2017 және 2018 жылдардағы мақсатты дәліздің ішінде тұр. Инфляциялық болжалдар тұрақты деңгейде қалыптасқан. Сыртқы сектор тарапынан инфляция ықпалы қолайлы деп бағаланып, ақша-кредит жағдайы бейтарап деңгейінде сақиалған. Алайда, ұсыныстар ықпалы тарапынан инфляция қатері, сондай-ақ, валюта нарығындағы құбылмалылықтың артуы ағымдағы жылдың соңына дейін базалық мөлшерлеме әлеуетінің төмендеуін шектейді.
Ұлттық банк қыркүйек айында жылдық көрсеткіштегі инфляция деңгейі 7,1%, айлық көрсеткіш 0,3% болғанын еске сала кетті.