Бұл тиындардың номиналдық құны 50, 500, 5000 және 10 000 теңге. Олар тамыздың 22-нен бастап айналымға шығарылады. Енді бұл тиындарды Қазақстанның әрбір азаматы сатып ала алады.
Б. Тәжияқов, сонымен қатар, номиналдық құны 100 000 теңге болатын алтын тиын шығарылатынын хабарлады. Тиын 999 сынамалы алтыннан құйылған, салмағы - 20 000 грамм, диаметрі - 100 мм, дайындау сапасы «proof», тиражы - 60 дана, қыры кедір-бұдыр.
Еске сала кетсек, 2013 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта - теңгенің айналымға енгізілгеніне 20 жыл толады.