ҚР Ұлттық банкі теңгенің нығаю трендін мәлімдеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Теңге бағамын қаржы нарығының ойыншылары қаржы реттеушінің қатысуынсыз қалыптастырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгінде теңге бағам айтарлықтай жылдам өзгеруде. Ол кенет өзгерістерді басынан өткерді. Теңгеміз тез құлдырап, нығая алмай жатқандай көрінуі мүмкін. Мұнай бағасы өссе де, АҚШ доллары арзандамай тұрғандай көрінеді. Алайда біз бірнеше айдан бері интервенция жүргізген жоқпыз. Мүлдем қатысымыз болған жоқ», - деді ҚР Ұлттық банкі Зертету және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин.

Оның пікірінше, қаржы нарығындағы ойыншылардың қызметі ұлттық валютаның нығаюына мүмкіндік бермей тұр.

«Неге ресейлік 1 рубльді 5 теңгеге тұрақтандыра алмаймыз дейтіндер табылады. Қайталап айтамын, бұл Ұлттық банктің саясаты емес. Бұл қаржы нарығындағы ойыншыларының іс-әрекеті (....). Барлық факторлар теңгенің болашақта нығаятынын көрсетіп тұр, теңгенің құлдырауына еш негіз жоқ», - деді банкир.