ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюталық резервтері 15,8%-ға өсті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюталық резервтері 15,8%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жедел ақпаратқа сәйкес, ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюталық резервтері қараша айында 1,2%-ға өсіп, ай соңында 28,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ жыл басынан бергі өсім 3,9 млрд. АҚШ долларын, яғни 15,8%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері жыл басынан бері ҚР Ұлттық банкінің резервтерімен қоса алғанда шетелдік валюта есебінде 9,9 млрд. АҚШ долларына артып, 10,3%-ға өсті.

Соңғы жаңалықтар