ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереже бекітілді

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереже бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.


                                            Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің бұйрығы

2012 жылғы 6 сәуір     №41/НҚ         Астана қаласы

Қазақстан Республикасыың ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы

«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы ұлттық ғарыш агенттігінің Ғарыштық жобаларды сүйемелдеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазғарыш төрағасының орынбасары М.М.Молдабековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға Т.МҰСАБАЕВ

Ереженің мәтіні баспасөзде жарияланды.