Өз сөзінде аталған мұрағаттың бас директоры Ырысты Сариева Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларында тасталған және Семей полигонында сыналған 450-ден астам атом жарылыстары, Чернобыль мен Фукусима атом электр стансаларындағы апаттар көптеген адамдардың өмірін қиын, денсаулықтарына айтарлықтай нұқсан келтіргендігін тоқталып өтті.
«Біздің мақсатымыз - болашақ ұрпақтарға атом жарылысы миллиондаған адамзат баласына қайғы-қасірет әкелетіндігі туралы ақпарат жеткізу, келешек ұрпақтарымызды бұндай қателіктерге бой алдырмауға үндеу», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық мұрағаты 6-29 тамыз күндері аралығында ядролық жарылыс құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар циклін өткізуде.