Жас ғалымдар мәдени қабаттарды ашу, артефакттарға тұрпаттамалық және статистикалық сараптама жүргізудің күрделі әдістерін меңгерді. Аталған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізудің тәжірбиелік дағдыларын меңгеруді ғана емес, сонымен қатар зерттеушілердің жеке ғылыми жұмыс тақырыптарын бекіту мен отандық ғылымның дамуына үлес қосуды мақсат етті. «Ұлттық музей алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстары үшін Ботай қонысын таңдап алуы кездейсоқтық емес. Дәстүрлі қазақ қоғамының көшпелі өмір салтымен өмір сүргені, оның тіршілік әрекеті дала кеңістігімен байланысты болғаны белгілі. Ботайлықтар даланы игерудің бастамасы ретінде жылқыны үйретіп, мінген. Содан жылқыны көлік құралы ретінде пайдаланған жаңа дәуір қалыптасқан. Қазақтардың мәдениетінің пайда болу үдерісі мен Еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы осы ботайлықтардан бастау алады. Ботай мәдениеті Қазақстан тарихы үшін маңызды брендтердің бірі болып отыр, әрі Ұлттық музейдің экспозицияларының арасынан лайықты орнын алған», - деді ҚР Ұлттық музейі ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары Олжас Шаризданов. Айта кетейік, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысына энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші - Ботай қонысына зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін археологиялық экспедицияға шыққан болатын. Қызметкерлер үшін т.ғ.д., археология профессоры, Виктор ЗАЙБЕРТ Ботай энеолит қонысына жүргізілетін қазба жұмыстарының әдістері бойынша шеберлік-сыныбын жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.
17:24, 06 Тамыз 2014
ҚР Ұлттық музейі Ботай қонысына алғашқы дала зерттеуін жүргізді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейі ғылыми қызметкерлерінің энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші - Ботай қонысына зерттеу жұмыстары жалғасуда. Жас зерттеушілер Ботай қонысындағы археология жұмыстарына белсенді араласты, деп хабарлады ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметінен.