Шараның басты мақсаты - Ұлттық музейді және музей қорындағы тарихи жәдігерлерді, ұлт мұраларын, құнды экспонаттарды жан-жақты насихаттайтын бейнероликтер түсіру. Осы арқылы музейдегі мәдени құндылықтар мен тарихи асыл мұраны халыққа кеңінен таныстыру.
Байқауға жұмыстарды қабылдау қазан айынан бастап екі ай көлемінде жүргізілді. Жоба барысында 20 кәсіби және әуесқой шығармашылық топ бақ сынады. Байқау жұмыстарына музей директоры, елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар төрелік етті. Жеңімпаз атанған үздік жұмыстар түрлі аталым бойынша қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сондай-ақ бұл кеште отандық «Назар-Текстиль» ЖШС кілем тоқыма фабрикасы ҚР Ұлттық музейіне арнайы сый тарту етеді.
Шара аясында өнер жұлдыздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.