Шара ҚР Ұлттық музейі басшылығы мен қызметкерлерінің, Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшілері Валентина Лысенко мен Виктор Нефедовтың, «Kaspi bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің, «Петербургтің еркін суретшілері» жобасының жетекшісі Юрий Саулидидің, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Ахметжан Қалиолла, Армат Бектасов және Сембіғали Смағұловтардың және Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермековтың, өнер зертеушісі, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің заманауи шетелдік өнер орталығының жетекшісі Елизавета Кимнің қатысуымен өтті.
Кездесуге қатысушылар Петербург суретшілерінің бейнелеу өнерін Қазақстанда және қазақстандық суретшілердің туындыларын Санкт-Петербургте «Петербургтің еркін суретшілері» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып көпшілікке тарату мәселелерін талқылады.
«Қазақстанда бүгінгі таңда болып жатқан оқиғаларға қуану керек. Біз музей басшылығының арқасында енді ынтымақтастық жөнінде жоспарлар құра аламыз. Бұл көрме - алғашқы қарлығаш, біз Қазақстанға көптеген атақты петебургтық заманауи суретшілердің көрмелерін әкелуді жоспарлаудамыз, әрі қазақстандық суретшілерді өзімізде көрсетуді жоспарлаудамыз. Бір-екі жыл өткен соң, бұл музейге әлемнің ең мықты суретшілері көрмелерін өткізуге ұмтылатын болады. Көрме екі суретшінің туындыларын біріктіргені үшін ғана «Біз біргеміз» деп аталмайды, ол сонымен қатар біздің Қазақстанмен бірге болғандығымыздан, біздің дос әрі көрші болғандығымыздан осылай аталады. Осы жерде біз сіздердің қолдауларыңызды сезінеміз», - деді өз сөзінде Юрий Саулиди.
«Петербургтің еркін суретшілері» қоғамдық бірлестігі өзінің алдына Петербургтің академиялық көркем сурет мектебінің керемет дәстүрлері негізінде жұмыс жасайтын суретшілердің және шығармалары 70-80 жылдары социалистік реализмнің ресми мәдениет саясатымен келіспеген алпысыншы жылдардың суретшілерінің туындыларын сақтауды және көпшілікке таратуды мақсат етіп қойған. Алпысыншы жылдардың суретшілері өз туындыларын академиялық көркем сурет негізіне сүйеніп жасады. Оларды ресми өнер көбінесе қабылдамады, сондықтан олар көрмелерге қойылмады және көпшілік қауымға танымал болған жоқ.
ҚР Ұлттық музейі «Петербуртің еркін суретшілерінің» жобасын қолдайды және келешекте екі мемлекет арасында бірыңғай мәдени кеңістік жасау және дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады.
Дөңгелек үстелден кейін суретшілер ҚР Ұлттық музейіне осы көрмеге қатысқан өздерінің бірнеше суреттерін сыйға тартты. Л. Казбеков «Қарқынды» деген туындысын, «Kaspi bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким «Берік» деген белгілі картинасын музейге сыйға тартты. Кәсіпкердің бұл меценаттық сыйы бір реттік шара емес. Ол өзінің ҚР Ұлттық музейі қорының жыл сайын өнер туындыларымен толығып тұруына ат салысатынын жеткізді.
ҚР Ұлттық музейі Алексей Талащуктен «Қайықшы» дене картинасын алды. Ал, суретшінің өзі музейге «Алтын балықтың өбуі», «Терезе алдында» картиналарын сыйға тартты.