Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЭН бойынша бірінші кезеңнің құрылысына 2,3 млрд. теңгеден аспайтын қаржы жұмсалады деп күтілуде. Бұл қаржыға Қабанбай батыр кесенесін күрделі жөндеу,оның аумағын және жанындағы зираттарға құлпытастар қойып, абаттандыру жұмыстар жүзеге асырылады. Тиісті жұмыстар жалпы ауданы 5 га жерде жүргізіледі.
Жобаның бірінші кезеңін іске асыру Пантеонның алдағы бірнеше жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Келесі кезеңдерді іске асыру қажеттілігіне қарай жүзеге асырылатын болады.
Ұлттық пантеонның орналасқан жері - Астана қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңы.