1947 жылы ашылған «Дипломат» журналы халықаралық қатынастар саласындағы британдық жетекші журнал болып табылады.
«Сауалнамаға Лондонда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың 165 басшысы, министрлер Кабинетінің және «көлеңкедегі» Кабинет мүшелері, 650 парламентарий, халықаралық қатынастарға жауапты Лордтар Палатасының мүшелері, ЕО-ның комиссарлары және Еуропарламенттегі британдық депутаттар қатысты», - деп атап өтілген хабарламада.
Марапаттау рәсімі үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде өтті. Оған дипломатиялық корпустың Маршалы мен дуайені, дипломатиялық миссиялардың басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.