ҚР ҰОК биылғы жылғы сыйлықты ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражай қорына тапсырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 26 ақпанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Олимпиада спортының күні аясында еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов «ҚР ҰОК жылдың спорт саласындағы сыйлығын» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражай қорына тапсырды.

Аталған сыйлық алғаш рет 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілген.

2015 жылы халықаралық ареналарда медальдарға және Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия ұтып алған спортшылар, сонымен қатар, олардың бапкерлері мен сала қызметкерлері аталған сыйлыққа ие болды.

Елбасы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайына ұсынылған сыйлықтардың ішінде Олимпиада чемпионы А. Винокуровтың велосипеді, Афинадағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Б.Артаевтың гүл-тәжі, Әлем чемпионы, бокс бойынша олимпиада чемпионы С.Сәпиевтің былғары қолғабы, IBF және IBА нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпиондары В. Жиров пен М. Мәзімбаевтың белбеулері, Олимпиада чемпионы О. Шишигинаның медальдары және т.б бар.