ҚР V Жазғы спартакиадасының жеңімпаздары белгілі болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда ҚР V Жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Спартакиада 29қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында басталып, спорттың 40 түрі бойынша 14 облыстаөткізілген болатын. Олар: үстел теннисі, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдеркүресі, муайтай, киокушинкай-кан каратэ, садақ ату, семсерлесу, регби (ерлер,әйелдер), спорттық гимнастика, гандбол (ерлер, әйелдер), спорттық құзғаөрмелеу, самбо, бадминтон, бокс (ерлер, әйелдер), желкенді спорт, каратэ-до, атспорты (кедергіден өту), баскетбол (ерлер, әйелдер), көркем гимнастика, бокс(әйелдер), батуттық гимнастика, стенд ату, жеңіл атлетика, су добы (ерлер,әйелдер), жүзу, байдарка және каноэ есу, дзюдо (ерлер, әйелдер), президенттіккөпсайыс, оқпен ату, волейбол (ерлер, әйелдер), шосседегі велосипед спорты,маутинбайк, триатлон, таеквондо, академиялық есу, жағажай волейболы (ерлер,әйелдер), көгалдағы хоккей (ерлер, әйелдер), велосипед спорты (трек), ауыратлетика және теннис.


Ойын қорытындысыбойынша, бірінші орынды Алматы қаласының спортшылары, екінші орынды – Шымкент қаласының,үшінші орынды Алматы облысының спортшылары иеленді.

«ҚР Мәдениет жәнеспорт министрлігі атынан спортшыларды Спорт және дене шынықтыру істері комитетітөрағасының орынбасары Серік Жарасбаев құттықтады», - деді комитеттен.

Турнир ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спортминистрлігі.