ҚР Велоспорт федерациясы ең заманауи допингке қарсы жүйені енгізуге ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық допингке қарсы орталық және Қазақстандық велосипед спорты федерациясы тыйым салынған WADA және UCI тізіміне сәйкес велошабандоздардың тыйым салынған препараттарды (допингті) қолдану мониторингі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстандық велоспорт федерациясының ақпаратына сүйенсек, бірлескен допингке қарсы бағдарлама шеңберінде қазақстандық велошабандоздардың допинг-тесті жүргізіледі, барлық жастағы велоспортшылар арасында жаппай биопаспорт енгізіледі.

Қазақстандық «Допингке қарсы орталық» 2013 жылы WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) бастамасымен құрылды, халықаралық құрылыммен ресми аккредиттелген.