Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және экономикалық даму министрі, Федерацияның қазіргі президенті Қайрат Келімбетов айтты.
Қ.Келімбетов атап көрсеткендей, Велоспорт федерациясының арнайы конференциясын ағымдағы жылы қарашаның 7-сі күні өткізу жоспарланып отыр. «Сол кезде мен Федерация президенті қызметіне Винокуров мырзаны ұсынатын боламын. Өз басым бұл сайлауға қатыспаймын. Меніңше, Қазақстанның белгілі велошабандозы Александр Винокуров енді өзінің спорт саласындағы әлеуетін ел үшін жұмсауы тиіс», - дейді Қ.Келімбетов.