«Жалпы басқару жүйесіне мүлдем өзге қадамды әзірлегіміз келеді. Бас дәрігер - ол науқасты емдеумен айналысуы керек. Ол қаржылық-шаруашылық қызметке араласпауы тиіс. Бас дәрігер бухгалтерия, есептер, шексіз тексерулерге, сондай-ақ сапалы қызмет көрсету үшін өзі басқарып отырған мекемеге қосымша қаржы тарту мәселелеріне басын қатырмауы қажет. Сондықтан да осы екі қызметті бөлу керек»,-деді Д. Назарбаева.
Осы орайда ол мәселенің екінші бөлігімен директор немесе менеджер айналысуы тиіс екенін атап өтті.
«Медицинаға пысық адамдар керек. Медициналық мекемені басқаратын адамдар науқастар мен дәрігергерге қамқор болуы маңызды. Сондықтан медициналық мекемелердің менеджментіне талаптар қатаяды», - деді вице-премьер.