ҚР вице-премьері: Біздің мақсатымыз - Орталық Азияда, ТМД-да және Еуразияда білім және ғылыми ашылымдар экспорты орталығы болу

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - «Біз үздік әлемдік тәжірибені белсене қабылдап, алдымызға Орталық Азия аймағында, ТМД-да және тұстай алғанда Еуразияда білім және ғылыми ашылымдар экспорты орталығы болу мақсатын қойып отырмыз»,

деді ҚР вице-премьері Ербол Орынбаев Назарбаев Университетінде Жоғары білім көшбасшыларының екінші Еуразиялық форумында сөйлеген сөзінде.

Ол Назарбаев Университеті Қазақстанда өзінің ғылыми әлеуетін, жетекші халықаралық кадрларды және елдің талантты жастарын жұмылдыра отырып, заманауи инновациялық орта құруды қалыптастыруда», деп атап өтті.

«Назарбаев Университеті жаңа инновациялық кластердің өзегі болып отыр», деп атап өтті вице-премьер.

Е.Орынбаев ұлттық және халықаралық компанияларға Назарбаев Университетінің аумағында өндіріс пен ғылыми бөлімшелерінің өз инфрақұрылымын орналастыруға мүмкіндік беріледі, деп атап көрсетті.

Қысқа мерзімде Назарбаев Университеті ғалымдардың инновациялық идеяларын ілгері жылжыту үшін дұрыс жүйе құра алды. Назарбаев Университетінің 2013-2020 жылдарға арналған стратегиясы жоғары оқу орнын дамытудың жаңа кезеңі болмақ, деді ол.

«Стратегия елдің бүкіл жоғары оқу орындары үшін эталон болып табылатын жоғары білімнің алдығғы қатарлы моделі болып қалыптасуы мақсатында Университеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін негізгі ұзақмерзімді мақсаттар мен бағыттарды айқындайды», деп мәлім етті вице-премьер.

«Жоғары оқу орнының басты міндеті - Қазақстанның серпінді дамуына қажетті ғалымдар мен мамандарды, басшылар мен кәсіпкерлерді даярлау, сондай-ақ еліміздің елордасын білім мен инновациялардың халықаралық орталығы ретінде қалыптастыру», - деді Е.Орынбаев.

Оның айтуынша, Назарбаев Университетінің алқалылығын және ашықтығын қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес Академиялық кеңес, Ғылыми кеңес және Профессор-оқытушылар кеңесі сияқты алқалы органдар құрылып, білім үдерісінің саясаты белгіленді.

Е.Орынбаев университет академиялық қызметте ғана емес, инновация және ғылымды өндіріске енгізу саласындағы өз тәжірибесін елдің басқа да жоғары оқу орындарына беруді жүзеге асырады, деп атап өтті.

Қазақстандық жоғары білім үшін Назарбаев Университеті мемлекеттің жұмыс жасап тұрған университеттерді реформалауына және жоғары білім саласында жаңа институттарды құруға мүмкіндік беретін эксперименттік алаң болып табылады, деп атап көрсетті ол.