ҚР Вице-премьері жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысу үшін Приозерскіге келді

None
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ-ПРИОЗЕРСК. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Бүгін ҚР Вице-премьері - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешов жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысу үшін Приозерскіге жұмыс сапарымен келді.

ҚР ИЖТМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында ол орта мектепте, балалар бақшасында, сонымен қатар бірқатар тұрғын үйлер мен қазандықта болады.

Жұмыс сапары барысында Ә.Исекешов аймақтағы ахуалмен жеке танысады. Оның нәтижелері бойынша кеңес өткізіледі.