ҚР волейбол бойынша әйелдер құрамасы әлемдік Гран-приде мексикалықтарды жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда үшінші топта әйелдер командасы арасында волейбол бойынша Әлемдік Гран-придің екінші алдын ала кезеңі жалғасуда. Қазақстан құрамасы өзінің екінші матчында төрт партияда да Мексика командасын басымдықпен ұтты, деп хабарлады sports.kz.

Қазақстан құрамасы құрамында ең нәтижелі ойыншы 22 ұпай жинаған команда капитаны Радмила Береснева болды. Ирина Шенбергерде - 14, Людмила Исаевада - 9 ұпай.
Екінші күні қорытынды матчта Колумбия үш сетте де Австарлиядан басым түсті. 12-сінен 13-іне қараған түні (Астана уақыты бойынша 05:30) Қазақстан құрамасы Колумбиямен шығады.
Еске салсақ, үшінші топ финалы 18-19 маусым аралығында Алматыда өтеді. Финалда екі алдын ала кезең қорытындысы бойынша үш үздік команда және финал иесі ретінде Қазақстан құрамасы ойнайды.
Әлемдік Гран-При. Алдын ала кезең, 3-ші топ. Кали, Колумбия.
Қазақстан - Мексика 3:1 (25:20, 25:18, 26:28, 25:20)
Колумбия - Австралия 3:0 (25:17, 25:20, 25:15).