Шығыста және оңтүстік-шығыста ғана бұрынғыша күн ашық болады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, күндіз Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында - кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Таяудағы үш тәулікте Жайық өзенінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының өзендерінде (Есіл, Жабай, Тобыл, Аят, Желқуар, Обаған және басқалары) көктемгі су тасқынының өрістеуі жалғасады, су деңгейі көтеріледі.
Атбасар қаласы маңында Жабай өзенінде еңістеу жерлерде су кемерінен асуы мүмкін. Ауа райының жоғарылауына байланысты қар шұғыл еріп, Шығыс Қзақстан облысының өзендерінде көктемгі су тасқыны қалыптасады, судың кемерінен асып, жайылуы және су басу жағдайлары болуы мүмкін.
Ертіс өзенінің Шульба су қоймасынан төменгі бөлігінде Шульба су қоймасынан су жіберілуіне байланысты су деңгейі көтерілуі байқалады; Семияр ауылынан төмен қарай мұз бұзылып, сең кептелістері болуы күтіледі.
Алматы облысының тау беткейі өзендерінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты су деңгейі көтеріліп, көктемгі су тасқыны жүруі мүмкін.
Еске аала кетейік, Қазақстанның бірқатар облыстарында күн суытатыны ескертілді. Толығырақ мына жерде .