18 жас және одан да ересек барлығы 1200 респондент сұралды. Сұрауға қалалық және ауылдық тұрғындар, ер адамдар мен әйелдер, түрлі жастағы және ұлттардағы адамдар қатысты. Сұрау телефон арқылы елдің бүкіл облыстары мен Алматы және Астана қалаларында өткізілді.
Сұрау барысында қазақстандықтардың 36 пайызы жаңа Үкімет жұмысының алғашқы 100 күнін оң бағалайтыны анықталды. Сұралғандардың 19 пайызы оған қарама-қарсы пікірлерін білдірді. Бұл ретте, респонденттердің жартысына жуығы (45 пайыз) министрлер кабинетінің жұмысын бағалауды қиынсынды.
«Сіз Серік Ахметовтің Премьер-Министр ретінде қызметін оң бағалайсыз ба?» сұрағына сұралғандардың көбі - 51 пайыз «иә» деп жауап берді. Онымен бірге, 12 пайыз бұл сұраққа «жоқ» деп жауап берді, тағы 37 пайызы өз бағасын беруді қиынсынды.
Жаңа Премьер-Министрге қатынасын сипаттай отырып, респондеттер оның «білікті», «жігерлі», «салмақты», «қарапайым адамдардың проблемаларын білетін», «сенім қондыртатын» адам екенін атап өтті. Алайда, оны «тәжірибесіз», «барлығы сияқты шенеунік», «ештеңе шешпейтін» адам ретінде бағалағандар да бар.
Премьер-Министрдің қызметіне оң қарайтын респондеттердің саны, сұрау мәліметтеріне сәйкес, оған теріс қарайтындардың санынан 15 пайызға көп болғаны қызықтырады. Серік Ахметовтің тұрғындар арасында белгілі бір танымалдылыққа ие болып, қандай да бір дәрежеде Үкімет қызметінен тыс қабылданады. Мұнда жаңа Премьер-Министрдің облыстар бойынша жасаған жұмыс сапарлары рөл ойнауы мүмкін. Белгілі болғандай, Серік Ахметов Премьер-Министр ретінде ғана емес, бірінші вице-премьер қызметінде болғанда республиканың барлық аймақтарына сапар жасады.
Жалпы алғанда, қазақстандықтар Үкімет басшысы Серік Ахметовтің алдағы уақытта елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша міндеттерді шешу қабілеттілігіне теріс баға беруден алыс - сұралғандардың арасында оның бесінші бөлігі ғана (21 пайыз) өзінің пессимистік қатынасын білдірді. Тұрғындардың жартысы (49 пайыз) Серік Ахметовтің болашақта әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудегі қабілеттілігін оптимистік түрде бағалауда. Дәстүр бойынша, қатысушылардың үшінші бөлігі жауап беруді қиынсынды.
Соңында қазақстандықтар жаңа министрлер кабинетінің бірқатар басымдық міндеттерін айтып өтті. Олардың арасында коммуналдық қызмет көрсету және азық-түлік бағаларын тежеу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, жемқорлықпен күрес, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қорғауды күшейту. Бұдан басқа, қазақстандықтардың пікірінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің сапасын жақсарту (жылу және сумен қамтамасыз ету, жолдар, тұрғын үйлердің жөнделуі) басымдық мәселе болып қалуда.