Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының IX аймақаралық ынтымақтастық Форумы өтеді. Бұл турады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Форум аясында «Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясы мен инновация салаларындағы аймақаралық бастамалар» атты Қазақстан мен Ресей аймақтарының халықаралық көрмесі, сондай-ақ өнеркәсіп кооперациясы мен инновация салаларындағы ҚР және РФ аймақтары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын бизнес-форум өтеді.
Сондай-ақ, форум барысында бірқатар үкіметаралық және аймақаралық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
Кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналым 2012 жылдың қаңтар-маусым аралығында 10 909,9 млрд. АҚШ долларын құрады (ҚР барлық сыртқы тауар айналымының 16,4%).