«Федерация маманға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, одан арғы мансабында жеміс тілейді. Айта кетейік, Ерлан Ибраим сондай-ақ, 2019 жылдың ақпанынан бастап федерацияның спорттық директоры ретінде қызмет жасады. Кейін тренерлік штабқа басшылық етті. Жаңа бас бепкердің тағайындалуы жөнінде кейінірек хабарланады», - делінген ақпаратта.
20:07, 22 Қазан 2019
ҚР жеңіл атлетика федерациясының бас бапкері қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Атқарушы комитетінің шешімімен бас бапкер Ерлан Ибраимның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.