ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Президент Әкімшілігі Бас­шысы­ның орынбасары - Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінен хабарлады.

Отырыста сот жүйесінің ұйым­дастыру-кадрлық мәселе­лері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бо­йынша Жоғарғы Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді.