Жоғарғы Сот Төрағасы аралық жалпы отырысты ашып, Дүниежүзілік экономикалық форумның жасап отырған Бәсекег қабілетті елдердің рейтингісінде Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткішін біршама сатыға көтеріп 4,4 орташа ұпаймен 50-ші орынға ие болғандығын айтты.
«Қазақстан дамыған 50 елдің тізіміне енді, бұл Дүниежүзілік экономикалық форум сынды беделді ұйымның бізге берген әділ бағасы», - деді Б.Бекназаров. Біздің болашақтағы мақсатымыз дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы 30 елдің тізіміне ену және біз бұл үшін бар күш-жігерімізді аямаймыз. Мұндай талапты бізге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өткен жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында қойған болатын.
Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстанның «Сот тәуелсіздігі» индикаторы бойынша өзінің бағытын біршама жақсартқанын қуанышпен жеткізді. Елбасымыз ағымдағы жылдың 30 қаңтарында құқық қорғау органдары басшыларымен өткізген жиналыста 2012 жылы Қазақстанның сот жүйесі бәсекеге қабілеттіліктің бірыңғай индексінің жүргізілген рейтингінде өз көрсеткіштері бойынша 111 орыннан 94 орынға көтерілгендігін атап көрсеткен еді. Міне біз үшін тағы да жағымды жаңалық орын алып отыр.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2013 жылғы сараптамалық есебінде «Соттардың тәуелсіздігі» факторы бойынша Қазақстан 88 орынға ие болды.
«Біз өз көрсеткішімізді 6 сатыға көтердік, бұл өте үлкен жетістік», - деді Б.Бекназаров. ҚР ЖС стратегиялық жоспары бойынша біз мұндай көрсеткішке 2015 жылы ғана жетуіміз керек болатын. Біз енді алаңдамай, тек сенімді түрде алға ұмтылуымыз қажет. Міне, 2013 жылдың 9 айының қорытынды жиналысының жұмысын осы жағымды жаңалықпен бастағым келіп отыр. Өйткені, осы жыл біз үшін ауыр әрі қауырт және табанды еңбекті талап еткен жыл болды,- деді Б.Әбдіханұлы.
Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық және оған теңестірілген соттарға 824 493 өтініш пен іс түскен, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 80 192 (10,8%) іске артқан. 710 128 іс аяқталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 % іске артық.
Барлығы 35 394 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,2% жоғары. Үкім шығарумен 15 993 іс аяқталған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2966 іске артқан.
Қосымша тергеуге 338 іс жіберілген, ал 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда 21 іске артық болған.
Барлығы 19855 адам сотталған. Бас бостандығынан айырылған сотталушылардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5 % артқан, яғни 7 769 адамды құраған (2012 жылдың 9 айы бойынша-7 293).
Сонымен қатар, 2013 жылы бас бостандығынан айырылғандардың санын жалпы сотталғандардың санымен салыстырғанда 4,7 % кеміген, яғни сотталғандардың жалпы санынан 39,1 % құраған.
Республика соттары 9 айдың ішінде 380 адамға қатысты істерді ақтаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116 адамға артқан.
15930 қылмыстық іс қысқарған, яғни 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда 399 іске артқан.
«17973 адамға қатысты қылмыстық іс қысқарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 150 адамға артқан, - деп статистикалық ақпаратты алға артты Б. Бекназаров. - Бұл дегеніміз медиация институтының жұмыс істей бастағанын көрсетеді, яғни заңмен көзделген баламалы жазаны қолдану арқылы сотталушы тұлғаларды және түрмедегі адамдардың санын азайтуға мүмкіндік береді».
Жоғары тұрған сот сатыларымен (апелляциялық, кассациялық, қадағалау) аудандық соттардың шығарған 1759 (4,6%) үкімінің күші жойылған және өзгертілген, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2,8%) 1,8 % артқан.
2013 жылдың 9 айында алқа билердің қатысуымен қаралған сот істерінің саны 2012 жылмен салыстырғанда 222 - дан 163 - ке дейін қысқарған.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, процеске қатысушылармен азаматтық істер бойынша 90 %, әкімшілік іс бойынша 98 % және қылмыстық іс бойынша 84 % сот актілері шағымдалмаған және заңды әрі әділетті деп қабылданып, шағым берілмеген. Сондықтан жергілікті соттардың 99,5 % сот актілері өзгеріссіз қалған.
Соттарда сөз бұйдалықты жою үшін қатаң шаралар қабылданған.
«Бұл бағыттағы барлық жұмыстар одан әрі жалғасуы керек және біз алдағы жылы көрсеткіштеріміздің бұдан да жоғары болуына ұмытылуға тиіспіз», -деп атап көрсетті Жоғарғы Сот Төрағасы.
«Тура билік айтып, әділ сот төрелігін жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Жыл сайын қатарымыз өз мамандығына адал, білікті судьялармен толыға түсуде. Оларға озық тәжірибемізді үйретуіміз керек».
Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе - 2013 жылдың 20 қазанына жоспарланып отырған Қазақстан Судьяларының VI Съезі. Алқалы жиынға қатысушылар судьялар қауымдастығы арқылы соңғы 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен осынау маңызды шараға дайындық барысын талқылайды. Мұндай маңызды шара әр 4 жыл сайын жүйелі түрде өтіп келеді. Соңғы съезд 2009 жылы кең ауқымды сот реформаларын жүзеге асыру аясында өткен болатын.
Судьялар съезі Қазақстан Судьялар Одағының ең жоғарғы органы болып табылады. Съезд барысында оған қатысушылар соттар қызметін одан әрі жетілдіруді ғана емес, миллиондаған ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді әдістерін әлемдік деңгейге көтеру барысын жан-жақты талқылайды.
Сьезд жұмыстарына Республика соттарынан 700 делегат қатысады.