Жоғарғы сот мамандандырылған алқасының қаулысымен Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасының Е.Жандыровты ҚР ӘҚК-нің 79-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысының күші жойылды. Жоғарғы сот Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотының аталған іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.
Іс материалдарына қарағанда, 2015 жылы 18 қыркүйекте Жітіқара ауданының әкіміне Жітіқара қаласының бір топ тұрғыны көршілерінің электржабдықтау жүйесіне өз беттерімен қосылып, көп уақыт бойы коммуналдық қызметті төлемей келгеніне шағым айтқан. Аталған шағымды қарастыру барысынла Жітіқара қаласының әкімі Е.Жандыров оны қарастыруда «Жітіқаракоммунэнерго» МКК мен Жітіқара ауданы әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшыларына тапсырған.
Шағымды қарастырған соң, борышкерге қатысты қабылданған шаралар туралы мәлімдемеге жазбаша түрде жауап жолданды.
Осы арада Жітіқара аудандық прокурорының қаулысымен Жітіқара қаласы әкімі Е.Жандыровқа қатысты қызметтік бабын пайдаланып жеке мәліметтерді заңсыз жинау бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды.
Жітіқара аудандық соты іс материалдарын қарастырып іс бойынша әкімшілік өндірісті тоқтатты. Алайда Қостанай облыстық сотының апелляциялық инстанциясы аталған қаулының күшін жойды.
ҚР Жоғарғы Қостанай облыстық сотының апелляциялық инстанциясының қаулысының күшін жойып, Жітіқара аудандық сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырды.