Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қадағалау сатысы өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің бар екені немесе жоқ екені туралы мәселені шешетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2012 жылғы 11 желтоқсандағы үкімімен әскери қызметші В. Челах ҚР ҚК-ның 96-бабының 2-бөлігінің «а,в,д,к,н,», 172-бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің «а» тармағында, 251-бабының 1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде, 145-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта ол ерекше режімдегі түзеу колониясында өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.
Бұл қылмыстық іс апелляциялық және кассациялық тәртіптермен қаралды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларымен үкім өзгеріссіз, ал адвокаттың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.