Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, қылмыстық істі қараған қадағалау алқасы өз қаулысымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының 2012 жылғы 24 мамырдағы үкімін, Маңғыстау облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 12 шілдедегі қаулысын және Маңғыстау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2012 жылғы 29 тамыздағы қаулысын өзгертті. Сол арқылы сотталған Д.Әріпбаев пен Ө.Әлшімбеавтың қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК-нің (бөтеннің мүлкін иеленуге жағдай туғызуға немесе сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде талан-таражға салу), бойынша:
Д.Әріпбаевқа 5 жылға бас бостандығынан айырып, дүние мүлкін тәркілеуге, 3 жыл бойы кәсіпкерлік қызметте материалдық жауапкершілігі жоғары басшылық қызметте істеу құқығын шектеуге, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге;
Ө.Әлшімбаевқа ҚР ҚК 63 бабын қолдана отырып шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырып, 2 жылға сынақ мерзімін белгілеуге жаза тағайындалды. Ө.Әлшімбаевты қамаудан бірден сот залынан босатуға қаулы шығарылды.
ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы барлық жағдайларды ескере келіп: қылмыстық әрекеті арқылы келтірілген нақты зиян мөлшерінің төмендігін, денсаулық жағдайын, отбасылық жағдайы мен мінездемесінің жақсы екендігін ескере отырып Ө.Әлшімбаевқа шартты түрде жаза тағайындады.