ҚР Жоғарғы соты Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваға қатысты істі қайта қарауды негізсіз деп таныды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьялары жеті жылға сотталған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның мүддесін қорғаушы адвокаттың Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотының үкімін және одан кейінгі қаулыларды қайта қарау туралы өтінішхатын алдын-ала тыңдауда қарастырды.

Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінен хабарлады. Қылмыстық істің материалдарымен және қорғаушы тараптың дәлелдерімен таныса келе, қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьялары сот сатыларының бұдан бұрын шығарған шешімдерін негізделген және заңды деп таныды. Істі қадағалау тәртібінде қайта қарау үшін негіздің жоқтығы анықталды.