ҚР Жоғарғы соты төрағасының Болгарияға сапары екі елдің сот билігі тармақтары арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталды

None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Шілденің 1-2-сі күндері Софияда ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбековтің Болгария Республикасына жауап сапары өтті, оның барысында екіжақты бірқатар кездесулер болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Болгария Жоғарғы Кассациялық сотының төрағасы Лазар Груевпен болған кездесудегі келіссөздердің басты тақырыбы судьялар арасындағы тәжірибе алмасу саласында кадрларды оқыту мен даярлау, өзара мүдделі халықаралық форумдар мен конференциялар өткізу хаттамасын іс жүзіне асыру мәселелеріне арналды.

Қазақстандық тарап көрсетілген салалардағы өзара уағдаластықтардың жүзеге асырылуы барысына қанағаттанғандық білдірді.

Сондай-ақ Болгария Жоғарғы соты кеңесінің басшыларымен және Болгария конституциялық сотының төрағасы Евгений Танчевпен басқа да лауазымды тұлғалармен жемісті кездесулер болып өтті.

Бұл сапар «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында өтті және Қазақстан мен Болгария арасындағы сот билігі тармақтары арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталды. Оның құқықтық негіздері 2009 жылы қарашада Астанада болған ҚР Жоғарғы соты мен Болгария Республикасы Жоғарғы Кассациялық сотының арасындағы сот өндірісі саласындағы хаттамада қаланған болатын.