Аталған іс-шараны ҚР Жоғарғы Соты Құқық арқылы демократияға Еуропалық комиссиясымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ. Мәми, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов, Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, ҚР Парламенті депутаттары, Адвокаттар одағының президенті Ә.Түгел, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Н.Зарудная, Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократияға Еуропалық комиссиясының мүшелері, судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі қазақстандық және шетелдік институттар басшылары, халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы және шетелдегі судьяларды іріктеу тәжірибесі, судьялыққа үміткерлерді іріктеу өлшемдерін жетілдіру, судья кадрларын даярлаудағы мамандандырылған магистратураның рөлі және т.б. мәселелерді қарастырып, осы тақырып аясында өзара тиімді пікір алмасты.
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәми өз сөзінде «Судьялыққа үміткерлерді іріктеудің өлшемдері мен рәсімдері, сондай-ақ олардың мансаптық өсуі заңды және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үшін аса маңызды болып табылады», деген пікірін білдірді. Судья кадрларын даярлау мен іріктеу жүйесін жаңғырту, еліміздегі сот корпусының кәсібилігін арттыру 2013 жылғы 20 қарашада өткен ҚР Судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысының сот жүйесін одан әрі дамыту жөнінде тапсырған міндеттерінің бірі болып табылады.
Жиын соңында судьялық корпустың кадрлық әлеуетін жақсарту жөніндегі шетелдік және отандық тәжірибенің негізінде ұсынымдар қабылданды.